Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жатақханаларда 70 мың орын тапшы екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Алматы секілді
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Подписаться на канал новостей TengriNews:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Новости
- Новости Казахстана
- Новости мира
- Нашли ошибку?
- Выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Фото: Massaget.kz / Yernar Almabek Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жатақханаларда 70 мың орын тапшы екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Алматы секілді ірі қалаларда хостелдермен байланыс орнатылғаны айтылды. Massaget.kz тілшісі министрлікке сауал жолдап, хостелдердің бағасы қаншалық бақыланатынын, орын тапшылығын жою үшін не істеліп жатқанын сұрады. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Алматы мен Астанада нақты қанша орын жетіспейді? Министрлік мәліметінше, қазір Алматыда 59,9 мың орын қажет. «Оның ішінде 40 мың орын жатақханамен қамтамасыз етіледі, бірақ 20 мыңға жуық орын тапшылығы байқалып отыр». — делінген министрлік мәліметінде. Ал Астанада 15,8 мың орын қажет екен. «13,5 мың орын жатақханамен қамтамасыз етіледі, 2,2 орын тапшы», — делінген ведомство хабарламасында. Қай қалаларда жатақханалар салынады? Министрлік өкілі биыл жыл соңына дейін 4,6 мың орындық 16 жатақхана мына қалаларда берілетінін айтты: Хостелдердің бағалары арнайы бекітіле ме? Министр Алматыда 59 хостелмен келісімшартқа қол қойылғанын, осылайша олар 10 мың төсек-орынға кепілдік беретінін мәлімдеген еді. Бұл орайда министрлік өкілі хостелдердің бағасын иелері белгілейтінін айтады. «Хостелдер мен қонақүйлерді жалға беру бағасын меншік иелері дербес белгілейді. Алайда бағаны негізсіз көтеру тұтынушы азаюына әкеп соғады», — делінген ведомство хабарламасында. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Источник: tengrinews.kz