Домой Новости Казахстана Қазақстанның мегаполистері мектепке қайта оралуы керек

Қазақстанның мегаполистері мектепке қайта оралуы керек

393
0

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мектептерді жабуды шекті шара ретінде қарастыруды ұсынды. Қазақстан Халық партиясы осы бастаманы қолдады.

ҚХП Білім және ғылым министрлігінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларындағы барлық мектептерді жабу, оқушыларды қашықтан оқыту туралы шешімін сынға алды.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚХП депутаты Ирина Смирнова пандемияға қарамастан еліміздің өзге өңірлерінде мектептер, балабақшалар, бір топта 10 балаға қосымша білім беретін мекемелер, дәмханалар, мейрамханалар, кинотеатрлар, қоғамдық көліктер жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

– Пойыздар жүріп, ұшақтар ұшып жатыр. Тек мектептер ғана қауіп төндіріп, инфекция таратады деп танылды. Бұған дейін эпидемия кезінде мектептердің жұмыс істеу алгоритмі сынақтан сәтті өткізілген. Бұл назардан тыс қалды. Ал білім беру мекемелерінің барлық қатысушылары аурудың таралу қаупін азайту үшін СЭС нұсқауын тиісінше орындады, – деді депутат.

Оның сөзінше, Үкімет халықтың осал тобы үшін маскалардың қолжетімділігін арттырудың, мүмкіндігінше ДДҰ тіркеген әлемдегі барлық вакцинамен вакцинацияның және ревакцинацияның толық курсынан өтуді қамтамасыз етудің, симптом пайда болған кезде өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығы туралы халықты хабардар етудің, оң тест анықталған жағдайда халықтың іс-қимыл алгоритмін білуге жағдай жасаудың орнына мегаполистердегі мектептерді жаба салды.

– Қазақстан Халық партиясының депутаттары СЭС нормаларын сақтай отырып, бұрын пысықталған алгоритмдер шеңберінде мектептерді жедел ашу мәселесін қарауды ұсынады. Сонымен қатар пандемияның маңызды сабағын ескере отырып, қашықтан оқытудың тым ұзаққа созылуы білім сапасын төмендететінін еске салады, – деді Ирина Смирнова.

Ол Үкімет мектепке баруға тыйым салу барысында ата-аналары заң бойынша жалғыз қалдыра алмайтын 1-6 сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін қауіпсіз ұйымдасқан топтарды айқындау жүйесін назарға алды ма деген сұраққа жауап іздеді.

– Бұл бала құқығын қорғау тұрғысынан алып қарағанда маңызды мәселе. Өйткені полиция, дәрігерлер, әскери қызметкер, өрт сөндіруші, жүргізуші, сатушы болып жұмыс істейтін ата-аналар кез келген жағдайда жұмысқа шығуға тиіс, – деді депутат.

Ирина Смирнова депутаттық сауалын Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінен объективті көрсеткіштердің негізінде еліміздің ең ірі 3 қаласындағы мектептерді жаппай жабу туралы шешімнің себебі туралы түсініктеме күтетіні туралы мәлімдемемен қорытты.

ҚХП баспасөз қызметі

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму