Домой Новости Казахстана Қазақстанның 6 ірі қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыттары салынады

Қазақстанның 6 ірі қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыттары салынады

661
0

Ел Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде экология саласында аз жұмыс атқарылған жоқ. Әлі де атқарылып келеді. Қазіргі уақытта мемлекет бұл мәселенің шешімін профилактикалық іс-шаралардан көріп отыр.

Ел Тәуелсіздігін алғаннан бері бірнеше бағыттарға басымдылық беріліп, олардың маңыздылығына аса көңіл бөлінді. Соның бірі — экология. Қоршаған ортаны қорғау әрқашан өзекті. Бұл мәселенің шешімін табу үшін жер шарының әр тұрғыны табиғат үніне бей-жайлық танытпауы қажет.  Мемлекет те қазіргі уақытта экология мәселелеріндегі әкімшілік жазалаудың саның азайтып, профилактикалық шараларды қолдануды жөн көріп отыр.

Экологиялық проблеманы шешуде халықты бұл мәселеге тартудың маңызы зор. Ол үшін тұрақты түрде әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы, стоп мусор, клин сити акцияларында қала тұрғындары көшеге шығып, қоқыс жинау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, жасылдандыру, ағаш отырғызу іс-шаралары да әрдайым ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта экология мәселесін толыққанды шешу мүмкін емес. Бірақ, та қоршаған ортаны ластау мен улаудың санын азайту өз қолымызда. Бұл үшін қоғам табиғаттың алдындағы өз жауапкершілігін толықтай сезінуі қажет.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму