Қазақстандық әскерді қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру

Қазақстандық әскерді қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру

458 rob

Әскерлерді озық қару-жарақпен және басқару жүйелерімен жарақтандыру жұмысы жоспарлы түрде жалғасуда. Басты бағыт Арнайы операциялар күштеріне арналған ҰҰА, оқ атумен зақымдау құралдары, дәлдігі жоғары қару-жарақ, оқ-дәрілер, әскери техника мен қару-жарақ болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қорғаныс министрлігі үшін қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Осы жылы 110 бірліктен астам әскери техника сатып алынып, әскерлерге жіберілді. Әуе қорғанысы күштері 4++ буынындағы қазіргі заманғы көпфункционалды жойғыш ұшақтармен, соққы беретін және көліктік-жауынгерлік тікұшақтармен, әскери-көлік және оқу-жаттығу ұшақтарымен жарақтандырылуда. Жақын перспективада Испанияның «Airbus military» компаниясы шығарған ауыр жүк көтеретін А400М әскери-көлік ұшақтары жеткізілетін болады. Орташа сыныптағы әскери-көлік ұшақтары желісін сатып алу жалғасуда. 2023 жылы осы компанияның кезекті 295М ұшағы жеткізілетін болады» Сұлтан Қамалетдинов

Қарулы Күштердің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық және шетелдік кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Қазақстандық кәсіпорындар әскери техниканың айтарлықтай санын жөндейді және оған қызмет көрсетеді.  

Жалпы, Қазақстанның Қарулы Күштері қару-жарақтың, әскери техниканың негізгі түрлерімен және басқа да материалдық құралмен қамтамасыз етілген, бұл мемлекет қауіпсіздігіне төнетін қазіргі заманғы сын-қатерге барынша барабар ден қоюға мүмкіндік береді. Ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту мүддесінде басқа мемлекеттермен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық спектрі кеңеюде.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика