Қазақстан Халық партиясы елордада нүктелі құрылыс салуға қарсы бейбіт митингке қатысты

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясының қолдауымен «Menin elim dala» ҚБ ұйымдастырған санкцияланған бейбіт митинг өтті.

Митингке «Астана – балаларға арналған жайлы қала» тақырыбы таңдалды, ол елорда тұрғындарын толғандыратын үш негізгі мәселені біріктірді. Бұл – қала құрылысы нормалары мен заңдарын бұза отырып, нүктелі құрылыс салу, Кіші Талдыкөл проблемасы және балаларға арналған тегін үйірмелер мен секциялардың болмауы, атап айтқанда АртСпорт бағдарламасының жабылуы.

«Менің elim dala» ҚБ – бұл 2 жылдан астам уақыт бойы елордада қала құрылысы проблемасына қарсы күресіп келе жатқан әрбір проблемалық нысанның бастамашыл тобынан құралған Нұр-Сұлтан қаласының белсенді тұрғындарының бірлестігі. Белсенділер мемлекеттік мектептер мен балабақшалар, алаңдар, емханалар мен саябақтар үшін күресте барлық заңды кезеңдерден өтті.

Митингті жиналыстың ұйымдастырушысы, «Менің elim dala» ҚБ мүшесі Виолетта Мауль ашты. Ол немқұрайлы емес тұрғындарды «елордадағы заңсыздықты тоқтату үшін» онлайн-петициясына қол қоюға шақырды.

«Соңғы уақытта біз қиындықтарға жиі кезігеміз, балаларымызды балабақшалар мен мектептерге орналастыра алмаймыз, емханаға ұзын-сонар кезекте тұрамыз, балалар аулаларда қамалған, оларда дамуға, спортқа арналған орын жоқ. Үлкен спорт кешендері салынды, бірақ олар қолжетімсіз. Біздің қала күн сайын ыңғайсыз болып бара жатыр, шексіз құрылыстан

ластануда, сәулет үлгісі жетіспейді, бізді тас джунгли қоршап тұр. Осының барлығы қаланың дертіне айналды!» – деді ол өз сөзінде.

Митингте белсенділермен бірге Қазақстан Халық партиясының көшбасшылары: партия төрағасы – Ермұхамет Ертісбаев, төрағаның орынбасары Рахым Ошақбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова және басқалар сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жергілікті билікке елордада бейберекет құрылысты тоқтату туралы қатаң нұсқау берді. Біз не көріп отырмыз? Әкімдік қандай да бір құрылыс компаниясына рұқсат береді, ол ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 280 орындық балабақшаны алып тастаған. Балаларды балабақшаға бару құқығынан айырып жатса да, барлығымыз үндемей отыра береміз бе?» – деді ҚХП көшбасшысы Ермұхамбет Ертісбаев.

Ол сондай-ақ бейбіт жиын өткізу құқығы ел Конституциясында жазылғанын және партия 29 тамызда Қазақстанның көптеген қалаларында өтетін «Әйелдердің зейнет жасын төмендету үшін» митингісіне қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Рахым Ошақбаевтың айтуынша, қалада күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кем дегенде 13 аудан бар және бастамашыл топтардың 13 белсендісі әкімдікке, инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Бас прокуратураға жүгінген, алайда нақты нәтиже болмаған.

Қазақстан Халық партиясы апта сайын өзінің YouTube каналында «Қала дерті» деген тақырыппен нүктелі құрылыс мәселесіне қатысты дөңгелек үстел отырыстарын өткізеді. Елорда тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар тікелей эфирде қаланың ретсіз құрылысына және заңсыздыққа қатысты шағымдарды талдайды.

Митингте Кіші Талдыкөл көлдерінің тобын құтқару үшін күресіп жүрген экобелсенділер, сондай-ақ АртСпорт қозғалысының өкілдері сөз сөйледі.

«Астана – балаларға арналған жайлы қала» бейбіт жиналысының қарары «елордадағы заңсыздықты тоқтату үшін» онлайн-петициясына қол қоюға шақырды. Митинг барысында, бірнеше сағат ішінде жиынға қатысқан 600-ден астам адам онлайн-петицияға қол қойды.

Петицияға сілтеме: https://otinish.kz/ru/petition/94/

Яндекс.Метрика