324 rob
Фотосурет: ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының шараларын іске асыру үшін Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіру жұмысы жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы әскери қауіпсіздігіне төнетін жаңа сын-қатерге жедел ден қою, мемлекетімізге қатысты сыртқы күштердің ықтимал агрессиялы әрекетінің гибридтік сипаты және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін сын-қатердің өзекті болуы түзетуге негіз болды. Жыл басында Мемлекет басшысының Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Стратегиялық бағыттарда армиялық арнайы мақсаттағы күштерді өрістету жұмысы жүргізілуде. Десанттық-шабуылдау әскерлері Құрлық әскерлерінің құрамынан шығарылып, дербес әскер түрі ретінде қайта құрылды. Аумақтық әскерлерді дамыту процесі мақсатты түрде жүрзгізілуде. Тұжырымдаманы іске асыру үшін «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы әзірленді. Ол бірқатар маңызды міндетті шешуді, оның ішінде қару-жарақтың отандық үлгісін әзірлеуді, оқ-дәрілер қоймаларын салуды және резервтегі қызметті енгізуді көздейді» Сұлтан Қамалетдинов
Источник: qazaq.asia