Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау: қарашада қазақстандықтар не туралы шағымданды

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау: қарашада қазақстандықтар не туралы шағымданды

196 Арман

Фотосурет: Устинка LIVE

2022 жылғы қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту үшін жәрдем көрсету туралы өтініштерін қараумен және шаралар қабылдаумен байланысты болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2022 жылғы қарашада Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 3 106 өтінішін қарады, бұл 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда 41%-ға көп.

Өтініштердің ең көп үлесі банктерге тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 61%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 28%-ын, коллекторлық агенттіктердің – 5%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің – 2%-ын, өзге де ұйымдардың – 4%-ын құрады.

Агенттік 2022 жылғы қарашада 5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 10 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 хаттама бойынша 4,2 млн теңге жалпы сомаға 11 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

  • банктерге – 5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 2 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама бойынша 1,5 млн теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза;
  • коллекторлық агенттіктерге – 6 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 14 хаттама бойынша 2,7 млн теңге жалпы сомаға 10 әкімшілік жаза;
  • микроқаржы ұйымдарына – 2 жазбаша ұйғарым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде 1 санкция.

2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігі шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 184,4 млрд теңге сомаға 31,3 мың қарызды қайта қаржыландырды, оның ішінде револьверлік тетігі есебінен 58,7 млрд теңге сомаға 7,8 мың қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктері шеңберінде банктер 132,2 млрд теңге сомаға 13,8 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды аяқтады.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 9,4 мың ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға 61,0 млрд теңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек көрсетілуде.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика