Алматы облысында жеті адам — бір отбасы түгел жоғалып кетті

Алматы облысында жеті адам — бір отбасы түгел жоғалып кетті

Фото: inbusiness.kz

Бүгін сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне адамдар іс-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Алматы, NEGE. Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына дрон жұмылдырылған.

 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика