Білім және ғылым министрі қатысқан жиынның басты мақсаты – оқытудағы жаңа көзқарас пен түйіткілді мәселелерді айқындау. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған тіл мамандары ұсыныстарын ортаға салып, дискуссия құрды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту бағдарламасын жетілдіру керек. Қазіргі оқулықтарда әлеуметтік-реализм тұрғысынан проблемалық туындылары қаптап кеткен. Бұл жас ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізбейтіні анық, — десті мұғалімдер қауымы.
Филологтарды даярлауда жаңашылдық керек. Университет қабырғасында мамандыққа қажеті жоқ кредиттер көп. Министр ағылшын тіліндегі TKT (тикити) емтиханы секілді қазақ тілі пәнін оқыту методикасын бағалайтын тест құрастыруды ұсынды.
Енді бұл съезд жыл сайын өткізелетін болды. Әрі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің республикалық ассоциациясы құрылады. Бұл жобаны Ұлттық білім беру академиясы бақылап, жүргізеді, — деді сала министрі Асхат Аймағамбетов.