«Air Astana» ұшағының Ташкент-Алматы бағытындағы рейсі кезінде 7 жолаушы жарақаттанды

«Air Astana» ұшағының Ташкент-Алматы бағытындағы рейсі кезінде 7 жолаушы жарақаттанды

Фото: ғаламтордан

Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшақта ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына кіріп кеткен.

Алматы, NEGE. «Алдын ала мәлімет бойынша, 7 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Әуе лайнері Алматыға сағат 16:45-те қонды. Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті»,-деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Ұшқыштар болған жайт туралы әуежай қызметкерлеріне хабарлаған. Әуежайда жолаушыларды жедел жәрдем көліктері күтіп алған. 

Компания өкілдері бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізілетінін атап өтті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика