Абайлық әскери қызметші «Х-Factor» жобасының ақтық финалына шықты

Абайлық әскери қызметші «Х-Factor» жобасының ақтық финалына шықты

198 Арман

«Еуразия» телеарнасы ұсынған « Х-Factor» музыкалық мегашоуы биыл тоғызыншы мәрте өтуде. 500-ге жуық қатысушы бақ сынаған дүбірлі доданың іріктеу кезеңі қазан айында басталған. Айта кетейік, ақтық мәреге тек тоғыз өнерпаз суырылып шықты. Олардың қатарында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 32355-К әскери бөліміне қарасты гарнизондық офицерлер үйінің эстрада және би бөлімшесінің бастығы-вокалист кіші сержант Мерхат Канапьяновта бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметші балаң шағынан өнер ауласына аяқ басқан. Ол 2015 жылы «Жас қанат» республикалық байқауының дипломанты атанса, 2021 жылы «Алтын самұрық» халықаралық ән байқауының бірінші орын иегері болды. Мерхат қызмет ететін әскери бөлім басшылығы өнерпазға қолдау көрсетуде. Олар арамыздан шыққан азаматтың өнердің мұзарт шыңын бағындыруы – біз үшін үлкен мақтаныш дейді. Қарулас жолдасты қолдау мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 32355-К әскери бөлімінің оркестрі қаланың ірі сауда орталықтарында өнер көрсетті.

Әріптес, әрі жерлесімізге қолдау таныту мақсатында халық көп шоғырланатын сауда орталықтарын аралап шықтық. Өнер көрсеткен әскери оркестр қалың көпшіліктің қошеметіне бөленді. Біз жиналған қауымды «Х-Factor» жобасының финалына шыққан Мерхат Канапьяновты қолдауға шақырдық. Гарнизондық офицерлер үйінің бастығы майор Болатбек Айтқалиев

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика