Фото: ғаламтордан
Өткен тәулікте Ақтөбе облысында 47 нәресте өмірге келді.
Алматы, NEGE. Жаңа жылдың алғашқы түнінде 6 шақалақ – төрт ер бала мен екі қыз бала жарық дүние есігін ашқан. Дәрігерлер перинаталды орталыққа жеткізілген жандардың барлығы жоспарға сай босанды деп отыр. Қазір сәбилер мен олардың аналарының жағдайы жақсы.
Андрей Гайдай, облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:
– Облыстық перинаталдық орталығында өткен тәулікте 28 нәресте дүниеге келді. Босанған әйелдер мен балаларының жағдайы жақсы. Тиісті көмек көрсетілуде. Медицина орталығы тәулік бойы үзіліссіз қызмет көрсететіндіктен аналар мен сәбилердің жайын әрдайым бақылаулы.
Источник: qazaq.asia