Ақмолалықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуін талқылады

Аталмыш құжатта елдің дамуына оң әсерін тигізетін жеті бағыт көрсетілген. Яғни, сол жеті тұғыр ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел болуға ықпал етпек.

«Елдіктің жеті тұғырының» басты мақсаты: Тәуелсіздікті баянды етіп, Қазақстанның жасампаз ел болуына ықпалдасу. Үндеуге бірлік пен келісім, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек сынды бірнеше бағыттар негіз болған. Аталмыш құжатты «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшелері талқыға салды. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының директоры Ақбота Бексейітова білім мен ғылым саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай мен оның нәтижесіне шолу жасады.

Жетінші тұғыр — прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі деп аталған. Яғни, біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге тырысуымыз керек. «Елімізде жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол»,-деген болатын Елбасы. Ақмолалықтар да бұл оймен толықтай келіседі.

«Елдіктің жеті тұғырын» жариялаған Елбасы «елдің ең ірі саяси партиясы ретінде «Nur Otan» атқарылар істердің алдыңғы шебінде болуы керек»,-деген. Бірақ, үндеудің  жүзеге асуында әр қазақстандықтың рөлі маңызды екендігін ұмытпаған абзал.

Яндекс.Метрика