Ақмола облысында зымыранның құлау салдарын жою бойынша «Зымыран-2023» оқу-жаттығу өтті

Ақмола облысында зымыран тасығышты ұшыру кезінде туындайтын төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізілді, — деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

«Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының негізгі міндеті «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыру кезіндегі аварияның салдарын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу теориялық және практикалық бөлімді пысықтаумен екі кезеңде өткізілді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы кенеттен ұшу бағытын өзгертіп ауада жарылған, оның бірнеше бөлшектері Ақмола облысының Красгный Яр ауылының жанында құлаған.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелері, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары жедел тәртіппен аталған мәндегі ТЖ жою бойынша практикалық іс-қимылдарын пысықталды.

Айта кетейік, бүгінде мұндай оқу-жаттығулар азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың міндетті бөлігі болып табылады және ТЖ жоюға қатысатын барлық қызметтер мен ұйымдардың іс-әрекеттерін дайындау және үйлестіру, қауіпсіздікті арттыру үшін халықты қажетті дағдылар мен білімдерге үйрету мақсатында үнемі өткізіліп тұрады.

Яндекс.Метрика