Бұланды ауданының Иванков ауылының тұрғындары 5 жылдан бері қорқынышпен өмір сүріп келеді. Өзен арнасындағы гидротехникалық бөген құрылымы әлдеқашан
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Подписаться на канал новостей TengriNews:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Новости
- Новости Казахстана
- Новости мира
- Нашли ошибку?
- Выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Ауылдың дәл іргесіндегі Жолболды өзенінде сонау 2017 жылы су тасып тұтас Набережное көшесін су басқанда тұрғындар аудан және облыс әкімдігінен көмек сұраған. Сол жылы-ақ халыққа бюджетке жоба жасалғанын, келер жылы жөндеу жұмыстары басталатыны хабарланған. Алайда арада аттай алты жылға жуық уақыт өткенімен жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Су өткізу бөгені биылғы көктемде мүлде жарамсыз күйге түсіпті.
«Бөгеннен мүлде су өтпейтін күйге жетті. Су ешқайда кете алмайды. Біз үш-ақ сағаттың ішінде оның толып қалатынын білеміз. Бөген суды ұстап тұра алмайды. Ал судың көлемі ауылды түгелдей басып қалуға жетеді. Біздің Набережное көшесі тіпті адамдарымен қоса суға ағып, мүлде жоқ болып кететіні анық. Олай болса біздің ешқайда барар жеріміз де жоқ. Өзеннен асып өте алмаймыз, — дейді Наталья Улинич есімді Иванков селосының тұрғыны.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Источник: tengrinews.kz