Домой Новости Казахстана ⠀ Ақмола облысы «қызыл аймақта» — вакцинация қарқынының төмендеуі байқалады⠀

⠀ Ақмола облысы «қызыл аймақта» — вакцинация қарқынының төмендеуі байқалады⠀

537
0

Атбасар ауданына кезекті жоспарлы жұмыс сапарында Ақмола облысының Бас мемлекеттік дәрігері Айнагүл Мусина коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабымен кездесті. ⠀

Ақмола облысы «қызыл аймақта», вакцинация қарқынының төмендеуі байқалады және осының нәтижесінде КВИ ауруы өсуде. ⠀

Науқастар санының өсуіне санитариялық нормаларды сақтау, күндізгі оқу түрінің қайта басталуы, күзгі-қысқы кезеңнің басталуы және тыныс алу органдарының ауруларымен қатар жүруі бөлігінде өзін ұстай білушіліктің төмендеуі ықпал етті. ⠀

Соңғы аптада 19-25 қазан аралығында облыста COVID-19-дың 962 жағдайы тіркелді, өсім 110 жағдайға көбейді. ⠀

Атбасар ауданында соңғы апта ішінде 35 жағдай тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда 6 жағдайға көбейді.⠀

«Салтанатты іс-шараларды, отбасылық мерекелерді өткізуге рұқсат берілгендігін халық тура мағынада түсінді», — деді өңірдің Бас санитариялық дәрігері. Бұл ретте, той, ас беру және басқа да іс-шаралар «Ashyq» жүйесі арқылы келушінің мәртебесін тексере отырып, толтырылуы бойынша санитариялық қағидаларды сақтаған кезде өткізілуі тиіс екенін есте сақтау қажет. ⠀

Облыстың Бас санитариялық дәрігері Ресейдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалына тоқталды, онда күніне ауруды 30 000-нан астам адам жұқтырады, 1000 адам қайтыс болды.⠀

Айнагүл Мусина ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды дамытудың 3 нұсқасын жариялағанын хабарлады. Осылайша, ең белсенді түрінің орташа тәуліктік тіркелген жағдайлардың саны қараша айында 1500, ал желтоқсанда 1100 жағдайға жетуі мүмкін. ⠀

Айнагүл Мусина атап өткендей, облыс тұрғындарын жаппай иммундауға қол жеткізу үшін әрбір тұрғын саналы түрде егіліп, вакцинация COVID-19-ға қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру үшін қажет екенін түсінуі керек.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму