Домой Новости Казахстана Ақмола облысы Елорданы азық-түлікпен жұмыртқа картоппен, ұнмен толық қамтамасыз етеді

Ақмола облысы Елорданы азық-түлікпен жұмыртқа картоппен, ұнмен толық қамтамасыз етеді

448
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев10 Ұлттық жоба тізбесін бекіткен болатын. Солардың бірі — агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба. Алдағы 5 жылда жобаны іске асыру нәтижесінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, елді толығымен отандық өніммен  қамтамасыз ету көзделген.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 500 мың адамды жұмыспен қамтып, осылайша 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру көзделген. Ұлттық жоба аясында ет, жемістер, көкөніс, қант сүт өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуге басымдық берілмек. Сонымен қатар ірі инвестициялық жобалар айналасында 7 экожүйені қалыптастыру көзделіп отыр.

Өңделген өнім үлесін 70 процентке дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту ұлттық жобаның негізгі мақсаттарының бірі.

Бүгінгі таңда осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар анықталып, іске асыру көзделген.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму