2023 жылдың 23-24 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығу басшылығының штабы келесі мекенжай бойынша орналастырылады: Шортанды ауданы, Шортанды к., Абылай хан к-сі, 26А, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» КММ ғимараты.

Байланыс телефоны: 8 (716-31) 3-51-60, 8 (7162) 33-29-76

Оқу-жаттығу барысында облыстың барлық аудандарында/қалаларында арнайы техниканың қозғалысы орын алуы мүмкін, осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды, оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.

Яндекс.Метрика