Домой Новости Казахстана 1 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысының елорда маңындағы аудандарында аналогтық...

1 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысының елорда маңындағы аудандарында аналогтық теледидар өшіріледі

1095
0

2018 жылдан бастап Қазақстанда аналогты теледидарды толығымен өшіре отырып, цифрлық эфирлік телехабар таратуды кезең-кезеңмен енгізу бойынша жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар облыстарында ескірген телехабарларды 100% өшіру жүзеге асырылды. Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары сапалы цифрлық теледидарды еркін, сенімді қабылдау мүмкіндігіне ие.

Жобаны іске асырудың төртінші кезеңі шеңберінде, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін астанадан 50-60 км шегінде орналасқан Ақмола облысының Аршалы, Шортанды және Целиноград аудандарының бірқатар елді мекендерін қамти отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы радиотелевизиялық станциядан трансляцияланған  аналогты телевизия ажыратылатын болады.

Цифрлық телевизия мен аналогты телевизияның айырмашылығы неде, оның жауабы айқын.

Қазақстандықтар цифрлық ТВ-ға көшкенде бұрынғыдан анағұрлым көп арналарды көре алады. Сонымен қатар, ЦЭТВ кескін пен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда «аналогтан» айырмашылығы, кескін үзілмейді, дыбыс жоғалмайды. Бұл жерсеріктік немесе кәбілдік телевизиямен бірдей, бірақ олардан цифрлық эфирлік хабар тарату су тегін болуымен ерекшеленеді.

Оған қосылу үшін абонент өз теледидарының DVB-T2 цифрлық тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізіп, тек дециметрлік антенна қосуы керек. Егер теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдамайтын болса, онда цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алуға тура келеді.

«Қазтелерадио» АҚ бірыңғай нөмірі 193 — цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу мәселелері бойынша республикалық маңызы бар жедел желі телефонын ұйымдастырғанына назар аударамыз.

Тіркелген байланыс абоненттері үшін және ұялы байланыс абоненттері үшін қоңыраулар тегін негізде жүзеге асырылады.

«Қазтелерадио» АҚ

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму