Домой Мнение Мнение редакции КӨКШЕТАУДА 36 ЖАСТАҒЫ ЖҮРГІЗУШІ ГАШИШ САТҚАН

КӨКШЕТАУДА 36 ЖАСТАҒЫ ЖҮРГІЗУШІ ГАШИШ САТҚАН

337
0

Ақмола полицейлерімен облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелердің бірінің 36 жастағы жүргізушісі гашиш есірткі затын заңсыз өткізгені үшін ұсталды.⠀


Ел аумағындағы төтенше жағдай кезінде облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады, жедел уәкілдердің ақпараты бойынша ол гашишті өзі пайдаланады және өткізумен айналысады. ⠀
Өткізушінің тұрғылықты жері бойынша ұстау барысында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылды. Сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.⠀
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 7 фактісін, оның ішінде облыс орталығының блок-бекеттерінде 3 фактіні анықтады.⠀
«Республика аумағындағы төтенше жағдай кезінде есірткі сатушылар жағдайды пайдаланып, күшті апиын анальгетиктерін «қолдан» жоғары бағамен сата бастағанын атап өткім келеді. Атап өтілген дәрілік препараттың бір пластинасын 10 мың теңгеге сатқан, ал ТЖ кезеңіне дейін сол есірткі сатушылар оны 2000-2500 мың теңгеге сатқан», — деді Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов.⠀
Мысалы, Көкшетау қаласына кіре берісте блок-бекеттердің бірінде 32 жастағы жергілікті тұрғынның автокөлігі тоқтатылды, одан героиннің синтетикалық апиыны болып табылатын 80 бірлік дәрілік препарат табылды және тәркіленді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму