Домой Мнение Мнение редакции Атбасар қаласында жеке тұрғын үйдің қабырғасы ішінара құлаған

Атбасар қаласында жеке тұрғын үйдің қабырғасы ішінара құлаған

346
0

Ақмола облысы Атбасар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне тұрғын үй қабырғасының ішінара құлауы туралы хабарлама келіп түсті.

Хабарламадан соң дереу өңірдің өрт сөндірушілері оқиға орнына шыққан.

Келгеннен кейін үйдің қабырғасы қирағаны, өрт немесе жарылыс тіркелмегені белгілі болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Үй иелерінің айтуынша, үй 1962 жылғы, саманнан салынған. Өрт сөндірушілер авариялық құтқару жұмыстарын жүргізген жоқ.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді, сіздердің және жақындарыңыздың өмірлері сіздердің қолдарыңызда екенін есте сақтаңыз.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму