Домой Мнение Мнение редакции Ақмолада жол апатынан зардап шеккен жүргізуші құтқарылды

Ақмолада жол апатынан зардап шеккен жүргізуші құтқарылды

776
0

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында полиция қызметкерлерінен Көкшетау қаласы Н.Назарбаев даңғылы 1 мекен-жайы бойынша М.Ғабдуллин қиылысында жол – көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші мен жолаушы зардап шеккені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Audi автокөлігі қарсы жолаққа шығып, № 13 автобус маршрутымен соқтығысуға жол бергендіктен адамдарды зақымдалған машинадан шығару үшін көмек қажет болды.

Аталған мекен-жай бойынша апат орнына Көкшетау қ. жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымының 5 құтқарушысы шықты. Бес минут ішінде ЖКО орнына келген құтқарушылар автокөліктен ішінен қатты жарақат алып, есеңгіреп қалған 2001 ж. т. ер адамды тез арада шығарып алды.

Сондай-ақ, құтқарушылар жүргізуші орындығының механизміне жету және оны жылжыту үшін көліктің артқы орындығын бөлшектеп, иықтары мен қабырғалары сынған және соққыға ұшыраған 1980 ж.т. қызды шығарып алған.
Жасақ құтқарушылары жүргізген үйлесімді және жедел құтқару операциясының нәтижесінде зардап шеккендер ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму