Домой Мнение Мнение редакции Ақмола облысында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 1589 мүгедек бала есепте тұр

Ақмола облысында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 1589 мүгедек бала есепте тұр

351
0

Ақмола облысының білім басқармасымен 2010 жылдан бастап инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның негізгі мақсаты ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың жалпы білім беру ортасында дені сау құрдастарымен бірлесіп оқу құқығының болуына жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын 150 мыңнан астам бала денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатына жатады және олар ерекше білім беру қажеттіліктеріне сай келетін арнайы жағдайлар жасауды қажет етеді. Ақмола облысында 2021 жылғы 01 желтоқсандағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың деректері бойынша туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 11 335 бала, оның ішінде 1589 мүгедек бала есепте тұр.

Жыл сайын облыста эмоционалды-еріктік және мінез-құлық ауытқулары бар балалар саны артып келеді (448).
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтардың едәуір бөлігі білікті кадрлардың, бірінші кезекте арнайы педагогтердің тапшылығымен байланысты. Облыста екі жүзден астам дефектолог-педагог жұмыс істейді. Мамандар тапшылығы мәселесін шешу үшін Ақмола облысының білім басқармасы 2019 жылдан бастап «Дефектология» мамандығы бойынша облыс әкімінің гранттарын тағайындау бойынша жұмыс жүргізуде. Аталған мамандық бойынша 13 студент грант иегерлері атанып, жоғары оқу орындарында білім алуда.

2016-2021 жылдар аралығында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының 2000-нан астам педагогі инклюзивті, сонымен қатар қашықтықтан оқыту форматында білім беру мәселелері бойынша, оның ішінде облыстың 100-ден астам педагогі аутизмі бар балалармен жұмыс бойынша біліктілігін арттырды.
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дара» жеке қорымен ынтымақтастықта «КЕДЕРГІСІЗ МЕКТЕП» бірлескен жобасы аясында облыс мектептерінің базасында инклюзивті білім беруді қолдаудың 15 ресурстық кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Ресурстық кабинет-бұл баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы үшін кедергісіз, толерантты және достық атмосфера мен жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше аймақтан тұратын заманауи кеңістік.
Арнайы білім беру ұйымдарын арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Облыста барлығы 11 бірлік арнайы автокөлік бар. Ағымдағы жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері үшін тағы 4 бірлік автокөлік сатып алу жоспарлануда.

Статистикаға сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді және қоғамның қажеттіліктеріне жауап беру үшін инклюзивті білім беру мәдениетін қолдау, инклюзивті тәжірибені енгізу және дамыту қажет. Ақмола облысының білім беру ұйымдарында кедергісіз білім беру, физикалық ортаны құру және қызметін жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму