Домой Мнение Мнение редакции Ақмола облысында 36 шығармашылық үйірме жүзеге асырылуда

Ақмола облысында 36 шығармашылық үйірме жүзеге асырылуда

499
0

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балаларды бұқаралық спортқа белсенді тарту, сондай-ақ, спорт үйірмелерін ашу мен «балалар клубтарының» қызметін жандандыру міндетін атап өткен болатын.


2021 жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тетігі енгізілді.

Жобаның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық тәрбие беру мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін жан-жақты кеңейтуді көздейді.

Жобаның негізгі міндеті – балаларға қолжетімді қашықтықта орналасқан үйірмелерде тегін оқуға мүмкіндік беру. Жоба толығымен сандық форматта artsport.edu.kz порталында жүзеге асырылады.

Портал қызмет көрсетушілерді тіркеу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдеріне шығармашылық үйірмелерге қатысуға жолдама алу үшін әзірленген. Жолдаманы алған балалар үйірмелерге тегін қатыса алады, ал оқу ақысы кәсіпкерге мемлекет тарапынан төленеді.

2022 жылғы 1 қаңтар күніне платформада Ақмола облысы бойынша 59 атаудағы барлығы 36 шығармашылық үйірме жүзеге асырылуда (оның ішінде ұлттық (халық) билері, заманауи (эстрадалық) билер, балет, кескіндеме (сурет), графика, актерлік және режиссерлік өнер, домбыра, домбырамен ән айту, шешендік өнер және т.б.). 136 қызмет көрсетушімен жалпы сомасы 147,4 млн.теңгеге 5106 балаға жолдама берілді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму