Пятница, 13 октября 2017 10:41

МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН ЕСКЕРТКІШІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

«Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жарықтандыру сериясын жалғастыруда. 

Мәлік Ғабдуллин бұрынғы Көкшетау облысы Зеренді ауданының тумасы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға сұранған.

2015 жылы Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығымен тұспа-тұс келген Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында қалалық саябақта батырға арналып ескерткіш орнатылған.

Ескерткіштің биіктігі 3,5 метр. Бұл жобаның авторы қазақ еліне танымал Тоқтар Ермеков. Қоладан құйылған мүсінде батырдың соғыстан қайтқан кездегі бейнесі сомдалған.

Атап өту керек, 1995 жылы Көкшетау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен М.Ғабдуллин мұражайы ашылған болатын.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 815 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"