Вторник, 10 ноября 2020 11:51

Ақмолалық Медет Серікбаев мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық байқаудан күміс жүлде жеңіп алды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмолалық Медет Серікбаев мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  республикалық  байқаудан күміс жүлде жеңіп алды. 15 жасар мектеп оқушысы Жақсы ауданындағы Запорожье ауылының тумасы. Жас дарын «Компьютерлік зерттеулер, робототехника» аталымы бойынша 2-ші орынды иеленді.

Республикалық кезеңде 101 қатысушы бақ сынады. Сондай-ақ  4 түрлі топтық ұжым келді. Байқауда оқушылар  вокал, би, бейнелеу өнері, техникалық және компьютерлік әзірлеу, робототехника аталымдары бойынша сайысқа түсті.  Техникаға әуес ауыл баласы Медет үшін алған күміс жүлдесі алтынға пара пар. Оның бұл жеңісіне мектебі мен туған-туысқандары ел болып қуануда.

БАҚЫТ ОМАРОВА, МЕДЕТТІҢ ӘЖЕСІ Байқауға қатысу туралы ұсынысты Медеттің мұғалімі айтты. Мен келістім. Өйткені біздің баланың дарыны бар. Ұстаздарына алғысыз шексіз. Өздері келіп, ролик түсіріп, көрсетілімін жасады.

Медеттің компьютерге деген қызығушылығы оған планшет сатып алған сәттен басталды. Әрі 3 жыл бұрын Жақсы аудандық білім бөлімі оған компьютер сыйлап, ғаламтор желісін қосып берген. Соның арқасында қазір ол достарымен араласады, өз біліктілігін арттырып, өзін-өзі дамыта алады.

kokshetautv.kz

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, ӘСЕЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВА, ШОҚАН ТАУКИЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1341 раз