Пятница, 04 октября 2019 18:25

Біржан салдың тойын «Тығылып» тойладық па?!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақын 
Дәулеткерей Кәпұлы Біржан салдың 185 жылдығын сынап тастады, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі. 

Қазақтың сал-серілік дәстүрінің көш басында тұрған, қазақ музыкасының жарық жұлдызы атақты Біржан сал Қожағұлұлының туғанына биыл 185 жыл толып отыр. Алайда, оның мерейтойы өз деңгейінде тойланбады деген пікірлер әлеуметік желіде жарияланып жатты. 
Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғымановтың фейсбук парақшасы мен өзінің парақшасына Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры ақын Дәулеткерей Кәпұлы: «Абай аға тұтқан Біржан салдың тойын «тығылып» тойлап жатқан ауданы, көсегең көгерсін!,– деген жазба қалдырыпты. Оның төменгі жағында белгілі өнер адамдары наразылықтарын білдіріп жатса, бір оқырман «Тірісінде ұлықтардан таяқ жеп, соры қайнаған бабама өлгенде дұрыстап бір той жасап неге бере алмадық?!»– деп ренжіп жатыр.

Бірақ, Біржан сал бабамыздың тойы ғылыми-практикалық конференциядан басталып, той құрметіне қатар-қатар тігілген киіз үйлерде дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татқызыпты. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер өз қолдарымен жасаған тауарларды саудаға салып, халықтың алғысына бөленді. Ежелден келе жатқан дәстүрлі қазақ күресі, аламан бәйге, көкпар сынды қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өткен.

Есімі бүкіл қазаққа таныс Біржан салдың мерейтойына жастар айтысы мен қатар бүгінде жалпақ жұртқа танымал ақындардың да айтысы өтті. Ол айтысқа өңіріміздің танымал ақындары қатысты. 
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, той жақсы өтті деуге болады. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Абылай ханның 300 жылдығы да осылай күзде тойланып қарапайым халық суық жаңбырдың астында қалған еді. Осындай тарихи тұлғалардың тойын ауа райының қолайлы кезі жаз мезгілінде неге тойламайды екен?


Автор 
Мерген Тоқсанбай @mergen_toksanbai

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 2290 раз Последнее изменение Суббота, 05 октября 2019 13:47