Понедельник, 20 ноября 2017 12:40

Зерендінің киелі жерлері

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Зеренді ауданының киелі орындарымен танысу үшін баспасөз турына барды, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Баспасөз турының бірінші аялдамасы - Уәли хан мазары Зеренді ауданының Қазақстан ауылынан 2-3 шақырымдай жерде орналасқан. Мазарды 2008 жылы Уәли ханның 270 жылдық мерей тойына арнайы тұрғызған.

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бақыт Ысқақов: «Бүгінгі күнге дейін Уәли ханның мазарына Германиядан, Ресейден адамдар келді. Мұның бәрі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүргізілуде. Менің ойымша, бұл біздің ауылдың ғана емес, республикалық деңгейдегі қасиетті орын», - дейді.

зз

Сонымен қатар, «Азия АгроХим» ЖШС-ның директоры Борис Козловтың демеушілігінің арқасында мазардың маңына қоршаулар орнатып, жолдар төселіп, келушілерге арналған орындықтар қойылғандығын да атады.

Б.Козлов: «Бұл жерде әлі көп жұмыстар жүргізіледі. Көшеттер отырғызып, жолды жөндейміз, шырақшы қоюды жоспарлап отырмыз. Мазарда жүргізілетін жұмыстардың бәрі Уәли ханның ұрпақтарымен келісіліп бірақ жасалады», - дейді.

Көкшетау өңірінде ауыл шаруашылығымен айналыса бастаған Б.Козлов Алматы қаласынан. Ол шарушылықпен айналысатын жерінде мазардың барынан өзін бақытты жан санайтынын айтты.

Келесі аялдама болған – Қосағалы батыр мазары. Қарауыл Қосағалы батыр Орта жүздің ханы Уәлидің тұсында өмір сүрген. Оның зираты Зеренді ауданының Азат тауында жатыр. Бүгінгі таңда батырдың басында мазар көтеру жұмыстары әлі де жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған киелі нысан Ақмола облысының қорғалатын тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген.

Қосағалы Төлекұлының сегізінші ұрпақтары Марат Оспанов пен Сағынтай Шәймерденовтың айтулары бойынша, батырдың бойы 276 см болған және оны кез-келген ат көтере алмаған, өзінің тұлпары болған. Сондай-ақ, Ресейге елшілікке барғанында Екатерина ІІ патшайым алтынмен апталған шапан жауып, «князь» атағын берген. Қазіргі уақытта батырдың атымен жер-су атаулары да кездесуде.

Айдарлы ауылындағы Алабас-бүркіт мүсіні – БАҚ өкілдерінің үшінші тоқтаған жері болды.

ззз

Дүйсен бидің анасы қаз дауысты Қазыбек бидің қарындасы екен. 16 жасқа дейін Дүйсен би нағашысының қасында өскен, бойына оның дарыны дарыған.

Шешендігімен қатар аңшылық, саятшылыққа шығып, домбырамен ән  салса керек. Алабас бүркітімен қиналып отырған елдерге көмек жасаған.

Дүйсен биден тоғыз ұрпақ тараған. Соның ең кішісі Кенжебай ұрпағынан тараған Күләш Рахымжанованың айтуынша, жалпы Зеренді ауданы Дүйсен бабадан тараған. Сондай-ақ, бидің ұрпақтары 2012 жылы 30 киіз үй құрып, ас берген. Сол кезде алабас бүркітке арнап ескерткіш қойған.

Негізінде, Дүйсен би Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. Алдағы уақытта ұрпақтары Айдарлы ауылындағы мектепке оның есімін беріп, жақсы бір ескерткіш қоюды  жоспарлап отыр.

Баспасөз турының соңғы аялдамасы – Бөгенбай би ауылы. Бөгенбай Құттықадамұлы – 1761 жылы Зеренді ауданының Лосевка жерінде өмірге келген. Абылай ханды көзі көрген, Кенесары ханның тұсында талай ұрыс-тартыстарда, ел арасындағы шешілуі қиын түйіндерді шеше білген би, жау жүрек батыр болған. Бөгенбай биден тараған ұрпақтар бүгінде Айдабол, Бөгенбай, Сандықтау жерлерін қоныстанған белді азаматтар.

2003 жылы халық Лосевка ауылына тарихи атауын беруді өтініп, маслихат сессиясында қаралғаннан кейін 2007 жылы толықтай Бөгенбай би ауылы болып өзгертілген.

Бөгенбай бидің шөбересі 86 жастағы Сабырбек Хамзаұлы мазарды көкшетаулық Төлеген мен Бекзат есімді азаматтардың тұрғызғандығын атады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1932 раз