Среда, 16 августа 2017 12:34

Айғаным қонысы – қасиетті мекен

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына енген нысандардың бірі – Айыртау ауданындағы Сырымбет қонысы. Бірегей музей – ХІХ ғасырдан сыр шертеді. Белгілі ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымға арналып салынған кешенде Шоқан Шыңғысұлының салған суреттері мен қолжазбалары, күнделікті қолданған заттарына дейін сақтаулы тұр. Жыл сайын тарихи ескерткішті тамашалауға орта есеппен 2500 адам келеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл қыстақ ХІХ ғасырдың басында, 1824 жылы қазынадан бөлінген 5 мың рубльге салынады. Бұл кез Уәлихан дүниеден өтіп, хандық құрылым жойылып, қазақтарды отырықшыландыру саясатының бел алған тұсы болатын. Қыстақ тұрғызуға таңдап алынған жердің табиғаты керемет. Таудың жиегі, маңында үлкен көл бар және сыңғырлап бұлақтар ағып жатыр. Ханшаның үлкен ауылы болған бұл мекен заманында бірнеше зұлматты басынан өткізді. Ал 1930 жылдары коммунистердің қолымен түгел дерлік жойылады, бөренелерден маңындағы колхоздардың бірінде – мәдениет үйі, екіншісінде клуб тұрғызылады. Тек 1980 жылы ғана қыстақтың жұртынан үйлердің іргетастары табылған. Сол іргетастардың үстіне бөренеден қиылып төрт үй тұрғызылған.

ce7ea82f58adb58f0c26f6d6407e490d

«Айғаным қонысы талай оқиғаны бастан өткерді. Тарихи ескерткіш бірнеше рет отқа оранып, бүлінді. 1993 жылы кешенге қайта жан бітті деуге болады. ҚР Үкіметінің қаулысымен резиденция қайта қалпына келтірілді. Тарихи ескерткішті Елбасы, Өзбекстанның бұрынғы Президенті Ислам Кәрімов пен Қырғыз елінің бұрынғы басшысы Асқар Ақаев салтанатты түрде ашқаны белгілі», - дейді Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің экскурсия жүргізушісі Нұргүл Құлбаева.

Бір өкініштісі – бұл тарихи ескерткіш толық пайдаланылмай отыр. Себебі Уәлиханов әулетінің қонысы алты ай қыс бойы жабық жатады. Үйлер жылытылмайды. Ал жылу болмаған соң, жәдігерлерді де жанындағы Сырымбет ауылындағы музей ғимаратына 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1014 раз