
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытындысы белгілі болды
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасы Нұр–сұлтан қаласында №70 мектеп –лицейінің базасында өтті. Ақмола облысынан олимпиадаға сегіз педагог қатысты. Олимпиада бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық математикалық олимпиадаға қатысушылар математикалық және логикалық есептерді шешуде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша…