
Ақмола облысында жол сапасы бойынша 976 бұзушылық анықталды, 95% — дан астамы жойылды
2021 жылы өңірдің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көптеген өзгерістер болды. Көкшетау-Щучинск автожолында ақылы жүйені енгізу, «Жақсы-Чистополье» автожолын, «Алматы – Екатеринбург» халықаралық магистралінің учаскесін күрделі жөндеу ірі жобасын іске асырудың басталуы маңызды оқиға болды.