Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласы қарқынды дамыды. Оның негізгі бағыттарының бірі-кітапхана жүйесі. Бүгінгі таңда орталық қалалық үлгілі кітапхана 3837 оқырманға қызмет көрсетеді.
1977 жылдың 17 қарашасында Көкшетау қалалық халық депутаттары Кеңесінің шешімімен қаланың барлық кітапханалар орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілді. Сол кезде Көкшетау қаласында 12 кітапхана болатын. Бүгінгі күні қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі бір жылда 27 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Бұл жүйеге орталық қалалық кітапхана да кіреді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында кітапханада жыл бойы мәдени-көпшілік іс-шаралар өтті. Оған студенттер, оқушылар, қаланың түрлі ұйымдары қатысты.
Кітап оқуға, оған қызығушылықты арттыру мақсатында «Жастар және қала», «Кітапхана және спорт», «Сана салматығына жол» жобалары қолға алынып, бірнеше мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар, «Оқу ауласы», «Қалтадағы өлеңдер» акциялар да бар. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасады.