Жол саласына көптеген мамандар қажет. Қазіргі таңда осы салада орын алған кадр тапшылғы елдің инфрақұрылымдық дамуына, орындалатын жұмыстардың, жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер етеді.⠀
⠀Сондықтан жол саласына жас және білікті мамандар дайындығына көп көңіл көңіл бөлінуде. Жақында білікті техникалық кадрларды даярлау қажеттігін Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың өзі де атап өтті. ⠀
⠀
«Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет»,- деді Президент.⠀
⠀
Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалынының мамандары жыл басынан бері «2000 мектеп» акциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын қызу жүргізу үстінде. ⠀
⠀
Бүгін жол инженері Абылай Төлеуов Көкшетау қаласының №4 мектебінің оқушыларымен кездесті. Ол болашақ талапкерлерге жол-құрылыс сферасының дамуы, кадр тапшылығы, жолшы мамандығының маңыздылығы мен артықшылықтары туралы айтып берді. ⠀
⠀
«Оқушылар әртүрлі сұрақтар қояды. Қандай оқу орындарында жолшы мамандығын алуға болатынын, жалақы биіктігі, қай жерге жұмысқа орналасуға болады деген сауалдарды жиі естиміз. Соларға жауап беріп, жолшы мамандығына талапкерлерді жақындатамыз. Бейнероликтер, презентациялар көрсетіміз, біздің филиалға экскурсияға шақырамыз», — деп түсіндірді жол инженері Абылай Төлеуов. ⠀
⠀
Жалпы мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымы да кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарының маңыздылығың атап өтті. Бұндай іс-шаралар оқушыларға дұрыс таңдау жасап, өмірде өз орның табуға үлес қосады, дейді олар. ⠀
«Қазір техникалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Сондықтан осындай ұйымдар келіп, оқушаларымызға осындай қажетті мамандық туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, айтып беретіндігі қуантады. Біздің түлектердің ертең білікті, сұранысқа ие маман болуы – басты мақсатарымыздың бірі.⠀
⠀
Оқушыларымызға айқын бағыт-бағдар беріп, кемел келешекке жеткізетін дұрыс жол көрсету біз үшін өте маңызды. Ал бұндай іс-шара өткізіп, жолшылар осыған өз үлесін қосты», — деп атап өтті №4 мектеп директоры Мадина Хасенова. ⠀
⠀
Кәсіби бағдарлау жұмыстары әрі қарай жалғаспақ. Осы жылы жолшылар Ақмола облысының барлық 17 ауданы мен 3 қаласында оқу орындарында «2000 мектеп» аясында іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар оқушыларға филиал қабырғасында арнайы «ашық есік» күндерін мен экскурсияларды ұйымдастыруға ниетті.