«Сот жүйесінің үздігі» Разиха Нұрқасынова  30 жыл адал қызмет атқарып келеді

Сүретте Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы Разиха Серікқызы Нұрқасынова.  Разиха Серікқызы 1962 жылы 20 тамызында Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Ұялы ауылында дүниеге келді.

Сот жүйесіндегі еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облыстық сотының хатшысы лауазымнан бастап, Ақмола облыстық сотының маманы, бас маманы лауазымдарында, бүгінде Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы лауазымында адал қызмет атқарып келеді.

Разиха Серікқызы қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, өзінің бай өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз етуде, жинақтауда және ұйымдастырудағы маңызды үлесі үшін Разиха Серікқызы Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Разиха Серікқызы Ақмола облыстық соты басшылығының Алғыс хаттарына, Құрмет грамоталарына ие, «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.
2021 жылы көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін Разиха Серікқызы Ақмола облысының мемлекеттік архиві басшылығының Алғыс хатымен марапатталды.

Разиха Серікқызының адал еңбегі арқасында Ақмола облыстық соты Ұлттық мұрағат қорын жинақтау деректерінің  ведомстволық мұрағаттарды паспорттандыру қорытындысы бойынша Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының «Ең үздік ведомстволық мұрағат» Дипломымен марапатталды.
Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының басшылығы құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша Разиха Серікқызының сапалы жұмысын атап өтті.

Облыстық сотының мұрағаты істерді, материалдарды және сот ісін жүргізу құжаттарын сақтау, тіркеу, іріктеу, өндеу, ретке келтіру мен қолдануды қамтамасыз етеді.
Разиха Серікқызы сот жүйесінде 30 жылдан астам еңбек етіп, басшылық пен әріптестерінің құрметіне ие.
Разиха Серікқызына  көп жылғы адал қызметі, өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Ақмола облыстық сотының 
баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика