Өсімдік шаруашылығы саласында бюджеттік субсидияларды қалай алуға болады?

Ақмола облысында 2021 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 47 млрд теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 15,1 млрд теңге бөлінді. Субсидияны 1500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алды.

Өңірде өсімдік шаруашылығы саласында жыл сайын субсидиялау тұқым шаруашылығын дамыту, көпжылдық екпелер өндірісін дамыту, тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату, сондай-ақ саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды
және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын
субсидиялау сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Субсидиялау тәртібі мен шарттары Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі. Қазіргі уақытта өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидияларды сатып
алу шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған және Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер немесе
ауылшаркооперативтері Qoldau.kz порталына ЭЦҚ-мен куәландырылған толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған
өтінімді немесе арзандатылған құны бойынша отандық өндірушіден тыңайтқыш сатып алған кезде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді ұсынады.
Өтінімнің қабылданғанын растау мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратуды қабылдау туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» тиісті мәртебесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 3 жұмыс күні.

Өтінімдерді қабылдау сағат 9.00-18.30 аралығында жүзеге асырылады. Субсидиялар көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген Қағидаларда белгіленген қажетті құжаттар тізбесін беру шарттарын сақтаған жағдайда төленеді.
Субсидияларды алу тәртібі туралы толығырақ ақпарат облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының www.ush.akmo.gov.kz сайтында орналастырылған.

Яндекс.Метрика