Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен диалог алаңы өтті

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында онлайн режимде Ақмола облысының білім беру жүйесінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен диалог алаңы өтті.

Кездесудің мақсаты-ҮЕҰ-мен ведомствоаралық деңгейде өзара іс-қимылды нығайту, ҮЕҰ-ны қолдаудың мемлекеттік тетіктері шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру сапасын арттыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру процесінде туындайтын өзекті проблемаларды шешу.
Онлайн шара барысында азаматтық қоғам өкілдеріне Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов құттықтау сөз сөйледі.


Білім басқармасы 2022 жылға арналған балаларды инклюзивті қолдау, балалар қылмысының алдын алу, жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыттарын ұсынды. ҮЕҰ өкілдерімен диалог барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудағы негізгі проблемалар анықталды және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара ынтымақтастыққа қатысты тәсілдер әзірленді.

Яндекс.Метрика