КӨКШЕТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҒЫП, 35 АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында болған өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші — құтқарушылар баспалдақ маршы арқылы 35 адамды эвакуациялады, — деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Шақырту орнына ТЖД күштері 20 қызметкер мен төрт бірлік техника дереу жіберіліп, келген кезде ақпарат расталғаны анықталды. Бірінші қабаттағы пәтерде 15 ш.м. алаңда болған өрттің нәтижесінде ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 35 адам, оның ішінде 14 бала эвакуацияланды.⠀

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері нәтижесінде сағат 22.10-да ауыздықталған өрт сағат 22.35-те жойылды, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.⠀

Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала алады. Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.⠀


Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика