Көкшетау қаласында өрт кезінде екі жүк көлігі зақымдалды

Бүгін, 21 қаңтар күні сағат 09-03-те шығыс өнеркәсіп аймағында 150 шаршы метр алаңда жеке тұрған гаражда өрт шықты, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын ғимарат отұа оранған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт тез жойылып, 4 газ баллоны шығарылды.

«Шақыру орнында 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 35 адам жұмыс істеді. Өрт салдарынан гараж бен ішінде тұрған екі жүк техникасы зақымдалды. Өрт 09-25-те ауыздықталып, 09-41-де сөндірілді. Өрт-техникалық зерттеу тағайындалды, өрттің шығу себебі анықталуда», — деді Көкшетау қаласы ТЖБ бастығы Әсет Жақсылықов.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика