ЕРЕЙМЕНТАУДА ҚАСКҮНЕМ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МЕН КОЛОНКА ҰРЛАП, САТЫП ЖІБЕРГЕН ⠀

Ақмола полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ерейментау ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Новомарковка ауылының 55 жастағы тұрғынының үйінен белгісіз адам ұялы телефон мен музыкалық колонка ұрланғаны туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 86,5 мың теңгені құрады. ⠀

Полиция қызметкерлері қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ерейментау ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын қарақшылық үшін сотталған Новомарковка ауылының 32 жастағы тұрғыны болып шықты, ол өз кінәсін мойындады. ⠀

2021 жылғы 14 қарашада қаскүнем жәбірленушінің ас үйден шыққан сәтін пайдаланып, телефон мен колонканы ұрлады. Қылмыс жасағаннан кейін ол ұрланған мүлікті сатқан, ал түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Екі ай бойы қаскүнем Новомарковка ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде жасырынып жүрген. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Яндекс.Метрика