БЮДЖЕТ АҚШАСЫН ҰРЛАУ, СУБСИДИЯНЫ ЗАҢСЫЗ БЕРУ- ПРОКУРАТУРА 4 ІС ҚОЗҒАДЫ ⠀

Ақмола облысының прокуратурасында Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері талқыланды⠀

Облыс прокуроры А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелеріне қатысты отырыс өтті. ⠀

Жиналысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаментінің басшылары, облыс әкімінің орынбасары, әкімдік басқармаларының және кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты. ⠀

Облыс прокуратуратурасымен жүргізілген тексерулер қаржылық құжаттарды қолдан жасау жолымен бюджет қаражатын ұрлау, субсидияны заңсыз беру және т.б. көрініс табатын Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы жекелеген кемшіліктерді көрсетті. ⠀

Нәтижесінде, облыс прокуратурасымен 4 қылмыстық іс тіркелді, оның 3-і сотқа жолданды. Бір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүзеге асырылуда. ⠀

Сонымен қатар, прокуратураның ұсынған материалдары бойынша Экономикалық тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 15 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.⠀

Облыс прокуратурасы Бас прокуратура арқылы ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялар төлеу жүзеге асырылатын нормативтік базаны жетілдіру және ақпараттық жүйелерді пысықтау жөнінде ұсыныстар жіберді. ⠀
Уәкілетті органмен ұсыныс қолданды. ⠀
Осы бағытта жұмыс жалғасуда.⠀

Яндекс.Метрика