Қазақстанда мүгедектерге арналған протез сатып алу мәселесі шешілмей тұр

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаты Ирина Смирнова бұл өзекті мәселені қозғады. Ол мемлекеттік бюджеттен тиімсіз пайдаланылған бәлен миллион қаржыны осы мұқтаж жандарға жұмсаған жөн болар еді деп санайды.



Шынымен де, бүгінгі таңда елімізде мүгедектердің жағдайы нашар, протез сатып алу үшін олар шетелдік ауруханалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр, себебі қазақстанда бұл мәселенің шешімі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ҚХП баспасөз қызметі.

Смирнова протездеу проблемасын көтеріп, мүмкіндігі шектеулі адамдар жағымсыз жағдайға тап болып жатқанын жариялады.⠀
Депутат атап өткендей, мүгедектігі бар адамдарға берілетін отандық протездің құны 100-600 мың теңге шамасында тұрады. Мұндай протездің сапасы өте төмен болады. Оны қолдану ыңғайсыздық туғызады. ⠀

Ерекше қажеттілігі бар адамдар өз қаражатына қымбат әрі сапалы протез сатып алуға тырысады. Мұндай мүмкіндік болмаса, мүгедектігі бар адам көмекшінің немесе әлеуметтік қызметкердің қолдауына мұқтаж болып қалады. Бұл қызметті 3 жыл тұтынса, қосымша шығын шамамен 5 млн теңгені құрайды.⠀

Ал Қазақстанда өндірілген бионикалық сапалы протезі сатып алуға 2-3 млн теңге қажет.⠀
«Сапалы протез жасаудан қаржы үнемдеудің қажеті бар ма? Адамға салынған қаржы шығыс емес, инвестиция емес пе?», – деді депутат.⠀

Шынында да, жоғары сапалы протез адамға белсенді өмірге қосылуға ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуге, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.⠀

Қазіргі уақытта еліміздің 13 мыңға жуық тұрғыны аяқ ампутациясы бар адам ретінде тіркелген. Олардың 100-ге жуығы балалар. Сапасыз протездерді бір мезетте сапалы протезге ауыстыруға 30 млрд теңге жұмсау керек.⠀

«Көріп тұрғандарыңыздай, қомақты қаражат қажет. Есеп комитеті 2021 жылы 1 трлн теңгеден астам тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатын анықтады. Осы қаражат мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін толығымен өтеуге жетеді», – деді Ирина Смирнова.⠀

Оның айтуынша, 2022 жыл Қазақстанда «Балалар жылы» деп жарияланғанын ескерсек, протезге мұқтаж балалар үшін бұл ең жақсы сыйлық болады.⠀
Көтерілген мәселені шешу үшін Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар адамдар үшін протез сатып алуды қаржыландыру мәселесін түбегейлі қайта қарауды ұсынды.⠀

Яндекс.Метрика