Қазақстанда мүгедектер неге несие ала алмайды?⠀

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар елімізде көптеген шешімін таппаған мәселелермен кездеседі. Бүгінгі күнде елдегі төмен жалақыны ескерсек, қазақстандық әрбір азаматтың мойынында кем дегенде бір несие, көбінесе халық бірнеше несиеден алып, қарызға батып отыр. Бірақ онсыз болмайды, кейбірі азық түлікті де несиеге алып жатыр. Мұндай қиын уақытта мүгедектердің жағдайы әсіресе нашарлай түсті. Оларға несие бермей жатқаны аздай, мүгедектер банктердің ғимараттарына кіргенде бірқатар қиыншылықтармен кездеседі.

Осы мәселені мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов қозғады. Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар банктерде әкімшілік және физикалық кедергімен бетпе-бет келетінін айтты. Адамдарға мүгедектігіне байланысты несие беруден бас тартылады. Олар пандустар мен тактильді бағыттаушылардың болмауына байланысты банк ғимаратына кіре алмайды.⠀

«Мүгедектігі бар адамдар кассаларға жүгіну мүмкіндігінен айырылған, себебі терезелер тым жоғары орналасқан. Олар агрегаттардың арбамен жүретін және нашар көретін адамдардың қажеттілігіне бейімделмеуінің салдарынан банкоматтарды да пайдалана алмайды. Мүгедектігі бар адамдарға Халықаралық стандартқа сай болмауына байланысты банктердің мобильді қосымшалары да қолжетімсіз», — ⠀

– Қаржыгерлер мүгедектігі бар адамдарды әлеуетті клиент санамайды. Бұған қоса олардың кейбіреулерінде: «Мүгедектігі бар адам несие алса, кейін оны қайтармау үшін рақымшылық жасауды сұрайды» деген фобия қалыптасқан. Шындығында бұлай емес, – деді депутат Құлахметов.⠀

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері кіретін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі жанындағы жұмыс тобы мүгедектігі бар клиенттерге қызмет көрсету бойынша әдістемелік ұсыным әзірледі. Алайда банктер бұл құжаттың ұсынымдық сипатқа ие екеніне сілтеме жасап, мүгедектігі бар адамдарға несие беруге асықпай отыр.⠀

– Біз жағдайды зерделей келе мүгедектігі бар клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы әдістемелік ұсынымды мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы стандартқа айналдыру қажет деген байламға келдік», – деді депутат.⠀

Яндекс.Метрика