Қазақстан Халық партиясының мәлімдемесі

Біздің ел қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттік билікті басып алуға бағытталған террористердің ұйымдасқан іс-қимылына тап болғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық жауапкершілікті өзіне алды.

Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, Конституциялық жүйені қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шара қабылдап, батыл іс-қимылды жүзеге асырды.

11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында ел Президенті жариялаған бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық шаралар Мемлекет басшысының болған оқиғалардың бастапқы себебін жете түсінгенін көрсетті.

Бұл, ең алдымен халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі, жаппай жұмыссыздық, мемлекеттің ұзақ мерзімді, тиімді және жүйелі әлеуметтік саясатының болмауы. Осының салдарынан қоғамда әлеуметтік әділетсіздік қалыптасатынын және оның жарылуы мүмкін екенін біздің партия  мәлімдеп отырды. Біз бұл түсінік жалпыға ортақ болады және жағдайды түзету үшін нақты іс атқарылады дегенге сенгіміз келеді.

Қазақстанда әрбір қазақстандықтың лайықты өмірі мен болашаққа деген сенімі үшін ауқымды жұмыс басталуға тиіс. Әлеуметтік қолайсыздық, заңды наразылық үні ешқашан агрессивті, деструктивті күштердің, басбұзарлар мен террористердің іс-қимыл құралына айналмауға тиіс.

Бұл үшін азаматтарға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясат саяси жаңғырумен – халық пен билік арасындағы диалогтың пәрменді институционалдық тетігін құрумен қатар жүруі маңызды.

Бүгінгі жаһандық сын-тегеурін мен өңірлік геосаяси қатер жағдайында қазақстандықтардың лайықты өмірі, әлеуметтік әділдік және қоғам бақылауындағы билік – еліміздің саяси тұрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі екені айтпаса да түсінікті.

Қазақстан Халық партиясы Президенттің осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күш-жігерін қолдайды және оған жан-жақты ықпал етеді!

2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға қоғамды жойқын күштерден құтқарған жалпыадамзаттық мұрат пен құндылық негізінде гүлденген тәуелсіз Қазақстан құрудың ортақ міндеті үшін біріктіреді деп үміттенеміз!

Яндекс.Метрика