Ақмола полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атбасар ауданының аумағында гашиш сатумен айналысқан қалааралық такси жүргізушісін ұстады.⠀
⠀
Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болмаған Атбасар ауданының 36 жастағы тұрғыны республика астанасында сатып алатын «гашиш» есірткі затын өзі тұтынатыны және сататыны туралы ақпарат алды. ⠀
⠀
Ер адам өзінің қылмыстық әрекетін Атбасар қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жеке тасымалдаумен ұштастырған. Күдіктінің Нұр-Сұлтан қаласынан оралғаны туралы ақпарат алған жедел уәкілдер оны ұстау туралы шешім қабылдады.⠀
⠀
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1006 шақырымында такси жүргізушісінің автокөлігі тоқтатылды. ⠀
⠀
Тінту барысында автокөліктің бардачкасынан жалпы салмағы 600 г астам гашиші бар 10 полиэтилен пакет табылды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. ⠀
Сонымен қатар ұстау барысында такси жүргізушісі көлікті есірткіден мас күйінде басқарғаны анықталды, бұл сараптама қорытындысымен дәлелденді «, — деді ЕҚҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов.