Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлдебіреулер мәйітханалардан 41 адамның денесін ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. ⠀
⠀
«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Сонымен бірге олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Осы күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалды. Көз жұмған 41 адамның денесін белгісіз біреулер ұрлап кеткен», – деді Алматының бас коменданты.⠀
⠀
Еске салсақ, бұған дейін ол қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 149 тұрғын мен 11 құқық қорғау қызметкері көз жұмғанын мәлімдеген болатын.⠀
АЛМАТЫДА МӘЙІТХАНАДАН 41 АДАМНЫҢ ДЕНЕСІ ҰРЛАНҒАН⠀
![](https://kokshetau.asia/wp-content/uploads/2022/01/WhatsApp-Image-2022-01-17-at-08.10.16.jpeg)