Домой Мнение Мнение редакции Ақмолалық жас дарындар республикалық ғылыми жобалар байқауында 2 білім грантын жеңіп алды

Ақмолалық жас дарындар республикалық ғылыми жобалар байқауында 2 білім грантын жеңіп алды

661
0

21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті базаларында офлайн форматта 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Ғылыми байқаудың мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.⠀

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 749 жас зерттеушінің авторлығымен 597 ғылыми жоба ұсынылды.⠀
Ақмола облысынан 18 ғылыми жобамен 22 дарынды жас зерттеуші қатысты.⠀

Байқауды қорытындылай келе Көкшетау қаласының №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 11 сынып оқушысы Штырбу Злата «Ақмола облысының жел энергетикасы және энергетикалық қауіпсіздікті дамыту перспективалары» атты ғылыми жобасы үшін алтын медальмен марапатталып, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантының иегері атанды.⠀

Күміс медаль иегерлері:⠀
1. Давлетов Амир- Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы «Жердегі астероидтік қауіпті модельдеу» атты ғылыми жобасы үшін;⠀
2. Манапов Қымбат- Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы, «Төлеғен Қажыбайдың «Қан кешу» повесіндегі өмір зұлматтары» атты ғылыми жобасы үшін;⠀
3. Тлеулин Нуртас — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы, «Шымтезектің физика-химиялық қасиеттері және оны қолдану аспектілері» атты ғылыми жобасы үшін;⠀
4. Егінбай Ақниет және Бекмолдина Жанерке — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушылары, «Зорлық – зомбылық: бүгінгі отбасы» атты ғылыми жобасы үшін.⠀

Қорытынды кезеңнің қола медалі Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы Бураканова Дильназға бұйырды «Қазақтың байырғы өлшем бірліктерінің маңызы» атты ғылыми жобасы үшін. Сондай-ақ, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім грантының иегері атанды.⠀
Целиноград ауданы Қосшы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Айдана Айтуганова және Әбдіқадір Әдемі «Абай афоризмдерінің өміршеңдігі» тақырыбында қазақ тіліндегі командалық ғылыми жобасы үшін байқаудағы көрсеткен ерекше жетістігі үшін грамоталармен марапатталды.⠀

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму