Ақмола облысының командасы республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясын иеленді.⠀
⠀
Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен энергетика саласындағы ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.⠀
⠀
Ақмола облысының намысын Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледждің оқытушысы Иван Бондаренко мен Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Медет Тоқсанбаев қорғады.⠀
⠀
Кәсіби шеберлік байқауына оқытушы немесе өндірістік оқыту шебері лауазымындағы педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес екі адамнан құралған командалар қатысты. ⠀
⠀
Байқау екі модульден тұрды: ⠀
1. Тестілеу;⠀
2. QElectroTech бағдарламасындағы жұмыс алгоритмін ауызша сипаттау бойынша диаграмма құру.⠀
⠀
Біріншілік қорытындысы бойынша біздің команда қиын күресте «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясының иегері атанды.⠀
Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!