Облыста, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті 23 мыңнан астам педагог қызметкер жүзеге асырады, оның ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 16 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.⠀
⠀
Кадрлар қажеттілігі бізде оқу жылының соңында айқындалады. ⠀
Бүгінгі таңда облыста мамандар жетіспеушілігі жоқ, себебі кадрларға деген қажеттілік мамандардың келуі есебінен (сондай-ақ жоғары кәсіби және біліктілік деңгейі бар зейнеткерлік жастағы педагогтарды тарту есебінен) жабылады.⠀
⠀
Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін 900-ден астам маман келеді (2019 жылы — 1075, 2020 жылы-1296, 2021 жылы — 1502), оның 400-ден астамы жас мамандар. Соңғы үш жылда 1795 жас маман келді (2019 жылы – 485 және 2020 жылы – 640 және 2021 жылы — 670).⠀
⠀
Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарына жас мамандарды тартуға «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру ықпал етеді.⠀
⠀
Ережеге сәйкес ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген педагогтар 100 еселенген АЕК мөлшерінде (а.ж. 25 маусымынан бастап 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көбейтілді және 252,5 мың теңгені құрады) және несие сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге 1500 АЕК-тен (3,8 млн. теңге) аспайтын тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие алуға құқылы. ⠀
⠀
Ақмола облысы Экономика және бюджетік жоспарлау басқармасының ақпараты негізінде 2021 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша білім беру саласына жұмысқа келген 476 маманға 138 млн.теңге көтерме жәрдемақы және 244 маманға тұрғын үй сатып алуға 1 047 623 млн. теңге сомасында несие бөлінді. ⠀
⠀
Сондай-ақ, білікті педагог кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу, оның ішінде мұғалімдерді ауылдық жерлерде бекіту үшін де жоғары педагогикалық білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу практикасы жалғасуда.