АҚМОЛАДА РЕВАКЦИНАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ВАКЦИНА КЕЛЕСІ АПТАДА БОЛАДЫ ⠀

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Covid-19-ға қарсы «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады. Облыстың бас дәрігері Нариман Сыздықов вакцина келесі аптада аймаққа келетінін айтты, деп хабарлайды К_АЗИЯ ақпараттық агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.⠀



Ведомство басшысы облыстық вакцинация пункттерінде қандай вакциналарды егуге болатындығын еске салды. ⠀

«Ревакцинацияны «Спутник V», «Спутник Лайт», «QazVac», сондай-ақ «VeroCell»вакциналарымен жүргізуге болады. Вакцинаны таңдау — әр азаматтың құқығы. Халықаралық сертификатты алу үшін азаматтар жиі «VeroCell»пайдаланады. Алайда, зерттеулерге сәйкес, оның тиімділігі отандық «Qazvac» вакцинасына қарағанда төмен», — деп атап өтті Н. Сыздықов. ⠀

Айта кетейік, ревакцинацияға арналған жаңа вакцина келесі аптада келеді.  ⠀

«Біз қазір қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Келесі аптада «Спутник Лайт» ревакцинациясы басталады деп ойлаймын», — деп қорытындылады спикер. ⠀

Жалпы, 2021 жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонентпен – 338 549 адам немесе 70,7% егілді, ал екінші компонентпен-312 725 адам немесе 65,3%. ⠀

«Comirnaty» вакцинасының бірінші компонентімен 5 470 адам егілді, екіншісі – 3 175.⠀

Яндекс.Метрика