Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Оның айтуынша, жағдай нашарлап, инфекциялық стационарлардағы төсектер 50 пайызға толған, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
16 инфекциялық стационарда 870 инфекциялық және 105 реанимациялық төсек-орын бар.
«Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 432 науқас ем алуда, төсек жүктемесі 50 пайызды құрады. 30 пациент реанимацияда, төсек жүктемесі 28% құрайды. Эпидемиологиялық жағдайдың пессимистік сценарийі жағдайында 3000 — нан астам төсек-орын резерві қарастырылған», — деді облыстың бас дәрігері.
Естеріңізге сала кетейік, Covid-19-ға қарсы күрес аясында Ақмола облысының медициналық ұйымдарында дәрілік заттардың екі айлық қоры құрылды. Медициналық жабдықтармен жабдықтау жүз пайыз.
«Өткен жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонентпен 337 249 адам егілді немесе 70,4 пайыз, екінші – 311 269 адам немесе 65%», — деп толықтырды Сыздықов.
Сондай-ақ, ведомство басшысы халықты вакцинациялауға және ревакцинациядан уақтылы өтуге шақырды.
«Вакцинация және ревакцинация — бұл меншік түріне қарамастан ұйымның тоқтап қалуының алдын алудың жалғыз әдісі. Мысалы, 100% вакцинацияланған ұжымда бір қызметкер ауырған жағдайда, осы ұйымның жұмысы штаттық режимде жалғасады. Қызметкерлердің ешқайсысы карантинге жіберілмейді, тек 100% вакцинацияланған және қайта вакцинацияланған қызметкерлер болған жағдайда», — деп түйіндеді Н. Сыздықов.
Pfizer вакцинасының толық курсы 2 849 немесе 4,3 пайызды құрады. КВИ-ға қарсы ревакцинациядан 39 602 адам өтті.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 133 егу пункті мен 135 мобильді бригада жұмыс істейді.